Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органдар мен ұйымдарды мемлекеттік қызметші күніне арналған «Үздік сапалы қызмет көрсетуші» конкурсына қатысуға шақырады.
Аталған Конкурсты өткізудің мақсаты қызмет көрсетушілердің мәртебесін арттыру, ынталандыру және жұмыстағы клиентке бағдарлануының негіздерін нығайту болып табылады.
Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер Агенттіктің Жетісу облысы бойынша департаменттіне келесі құжаттарды ұсынуы қажет:
1) белгіленген нысан бойынша конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) әдістемелік ұсынымдарға сәйкес қызмет туралы презентация немесе бейнеролик.
Құжаттарды қабылдау 05.05 - 15.05.2025ж. бастап жүзеге асырылады.
Анықтама үшін телефон: 8 (7282) 24-13-12 / 8 (7282) 24-11-91