Ертең Талдықорғанда жалпықалалық сенбілік өтеді

Ертең Талдықорғанда жалпықалалық сенбілік өтеді

Құрметті талдықорғандықтар!

Ертең, 5 сәуір күні сағат 09:00-де қалада «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бағдарламасы аясында жалпықалалық сенбілік өткізілмек.

Тазалық акциясына атсалысып, қаламыздың таза болуына өз үлесіңізді қосыңыз!

P. S. Қала аумағында жалпықалалық сенбілік өтуіне байланысты 5 сәуір күні қаламыздағы сауда нысандары мен базарлар өз жұмысын сағат 12:00-ден кейін бастайды.

 

Талдықорған қаласының әкімдігі.