«Киелі мекен» экологиялық апталығы жалғасуда

«Киелі мекен» экологиялық апталығы жалғасуда

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясының «Киелі мекен» апталығы жалғасуда. Апталық аясында бүгін Жетісу облысының аудан-қалаларында тарихи-мәдени ескерткіштер маңына тазалық шаралары жүргізілді. 

Бүгінгі экошараларға облыс көлемінде 5 мыңнан астам адам қатысып, 30-дан астам ескерткіш маңы ретке келтірілді. Жалпы апталық аясында 70 санитарлық шара атқарылады деп күтілуде. Назарларыңызға бүгінгі экологиялық шаралардан фоторепортаж ұсынамыз.

 Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Фотосуреттерді түсіргендер: Руслан Кадыров, Дмитрий Ерофеев