«Наурыз» жаңа тұрғын үй бағдарламасы 2024 жылдың 1 мамырынан бастап іске қосылады.

«Наурыз» жаңа тұрғын үй бағдарламасы 2024 жылдың 1 мамырынан бастап іске қосылады.

🔹 Наурыз ипотекасының шарттары мынадай:

▪️ қатысушының соңғы бес жылда баспанасы болмауы керек. Дәл осы талап оның отбасы мүшелеріне: жұбайы мен балаларына да қатысты;

▪️ пайыздық мөлшерлеме — 9 пайыз, халықтың әлеуметтік осал топтары үшін — 7 пайыз;

▪️ несие мерзімі — 19 жыл, бастапқы жарна 20 пайыздан басталады;

▪️ несиенің максималды сомасы әзірге белгісіз, бірақ сарапшылардың айтуынша, «Отау» ипотекасынан жоғары болады.

Дегенмен жаңа бағдарлама ұпай бойынша саралау принципі бойынша жұмыс істейді, яғни несие ең көп ұпай жинағандарға беріледі. Ұпайлар депозиттік сыйақылар, отбасы мен балалары болғаны үшін берілетін болуы керек.

Астана, Алматы, Шымкент және облыстық маңызы бар қалаларда тек бастапқы тұрғын үй сатып алуға болады, ал басқа облыстар, ауылдар мен аудан орталықтары үшін әзірге нақты жауап жоқ. Мамандар «Наурызға» арналған барлық негізгі нысанды «Баспана базары» порталынан көруге болады.

Биыл «Наурыз» ипотекасына қатысуға өтініштер 1 мамырдан бастап қабылданады. Келесі жылдан бастап 1 наурызға белгіленді.