Жалпы екпе мәселесіне қатысты жиын өтті

Жалпы екпе мәселесіне қатысты жиын өтті

Қала әкімдігінің мәжіліс залында қала әкімінің орынбасары Жеңіс Андабековтың төрағалығымен жалпы вакцинация мәселелері бойынша жиын өтті.

Кеңеске санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының, білім басқармасының, қалалық білім бөлімінің өкілдері, медициналық ұйымдардың басшылары, қаланың орта мектептерінің директорлары және психологтары мен медицина қызметкерлері шақырылды.

Жиында вакцинацияның проблемалық мәселелерін шешу жолдары талқыланып, бірқатар тапсырмалар берілді.