Талдықорғанда «Тазару» жалпыұлттық акциясы өтті

Талдықорғанда «Тазару» жалпыұлттық акциясы өтті

         Бүгін наурызнаманың 10 күндігінің соңғысы тазалыққа бағытталған. Осыған орай Облыс орталығында сенбілік өтіп, тазалық акциясы ұйымдастырылды. Оған Талдықорғандағы бірқатар мекеме өкілдері,қаланың коомуналдық қызметті мен еріктілерден жасақталған 150 ден аса адам қатысты.

         «Акцияға жиналғандар негізінен наурыз мерекесі өткен аумақты тазалады. Шараға 10-ға жуық техникада тартылған. Эко сенбілікке «Жетісу жастары» орталығының ұжымыда белсенді қатысты. Басты мақсатымыздың бірі тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастырып, тазалыққа көптеп мән беру», - дейді қала әкімінің орынбасары Қуаныш Сейтінбетов.

        Тазалық эстафетасы Талдықорғанда ғана емес Жетісу облысының барлық аумағын қамтып, акцияға аймақ бойынша 5000 адам қатысты. Сонымен қатар, бұл шара бір күнмен тоқтап қалмайды. Алдағы уақытта да жалғасын табады.