Талдықорғандықтар жауынға қарамай Наурызды тойлады

Талдықорғандықтар жауынға қарамай Наурызды тойлады

         Наурыз тойдың қызығын көру үшін Талдықорғандық тұрғындар Қонаев көшесінің бойына жиылды. Мұнда әуелеген ән айтылды, күмбірлеген күйде шертілді.
        Жиналғандар амандасып, қауышып ақ мол болсын десіп жатыр біріне-бірі. Мерейлі мерекеде айтылар ұлы тілек осы, ақты тілейді.
         Барлық арман-мұраттың, іс-тірліктің, аралас-құраластың, қарым-қатынастың ақ болғанын қалаудан туған тілек болар бәлкім.