Талдықорған қаласының әкімі қала кәсіпкерлерімен жүздесті

Талдықорған қаласының әкімі қала кәсіпкерлерімен жүздесті
Бүгін Талдықорған қаласының әкімі Ернат Дүйсенбекұлы қала кәсіпкерлерімен жүздесті.
 
Алдымен шаһар басшысы облысымыздың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары соның ішінде Талдықорған қаласының даму көрсеткіштерін одан әрі дамытуға бағытталған тың жобаларын тізбектеп, жиналған қауымның ұсыныстарын тыңдады.
 
Бұдан бөлек Ернат Дүйсенбекұлы бір шама уақыттан бері шешімін таппай келе жатқан ең күрделі, проблеманың бірі, қала орталығындағы заңсыз сауда мәселесі де көтеріп, оның шешу жолдарын біртіндеп бірлесе қарастыруға шақырды.
 
Айта кету керек, осы мәселе төңірегенде тың жоба таныстырылып, алдағы уақытта халық назарына ұсынылмақ.
 
Жиынға қалалық кәсіпорындардың, шағын және орта бизнестің, қоғамдық тамақтану, сауда үйлері, базарлар мен қонақ үйлердің өкілдері, депутаттар, қоғамдық кеңес мүшелері мен белсенділері, коммуналдық мекемелер мен мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.