Округтің 85% -ы түңгі жарық шамымен қамтылған

Округтің  85% -ы  түңгі  жарық  шамымен  қамтылған

Округтің 85% -ы түңгі жарық шамымен қамтылған

2023 жылы округтің 15 көшесінде түңгі жарық шамдарын орнату жоспарлануда. Мемлекеттік сатып алуды өткізуге ашық конкурс жарияланды. Нәтижесінде сәуір айында Ынтымақ, Өтенай, Еңбек ауылдарында жарық шамдарын орнату жұмыстары басталады.
2014 жылы "Ынтымақ" тұрғын алабында 595 түңгі жарық шамдар орнатылған. Бұл жұмысты инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін дамыту және орналастыру жобасына сәйкес "Талдықорған қаласының құрылыс бөлімінің" өтінімі бойынша "СтройСервис-97" мердігерлік ұйымы жүзеге асырды. Дегенмен, шамдар толық іске қосылмаған. Осыған байланысты Ынтамақ тұрғын үй алабының түңгі жарық шамдарын «Айбын» ЖШС теңгеріміне өткізу жөнінде ұсыныс енгізілді.