Прокурор области Жетісу Мадияр Басшыбаев встретился с жителями коттеджного городка «Береке».

Прокурор области Жетісу Мадияр Басшыбаев встретился с жителями коттеджного городка «Береке».

Халықпен кездесу барысында облыс прокуроры проблемалық мәселелер бойынша бірқатар өтініштерді тыңдады, сондай-ақ коттедж қалашығының жай-күйімен және ұзақ уақыт бойы кейбір үйлердің аяқталмаған құрылысының себептерімен танысты.

Талдықорғандықтардың көптеген шағымдарының арасында сапасыз салынған үйлерге де қатысты мәселелер айтылды. Құрылыс ақаулары қала тұрғындарының наразылығын тудырады.

Естеріңізге сала кетейік, бұл мәселелер 2022 жылдың күзінде басталған прокурорлық тексеруге негіз болды.

Қадағалау органының қызметкерлері УГАСК және ДВГА өкілдерімен бірлесіп коттедждер бойынша орындалған жұмыстар сапасының сәйкестігіне тексеру жүргізді.

Прокуратура тексеру нәтижелері бойынша 2022 жылғы желтоқсанда үйлердің сапасыз салыну фактісі бойынша қылмыстық іс басталды және тергелуде.

Жетісу облысының қадағалау органының басшысы тергеу барысы және басқа да мәселелер туралы кездесуге жиналған қала тұрғындарын егжей-тегжейлі хабардар етті. Сондай-ақ, кездесу барысында Талдықорған қаласының әкімі А. Масабаевпен және басқа да мемлекеттік органдардың өкілдерімен бірлесіп, коттедж қалашығы тұрғындарының проблемаларын шешу жолдары талқыланды.