Награждение акима города Галымжана Абдраимова подвесками "Алтын алқа" и "Күміс алқа"

Награждение акима города Галымжана Абдраимова подвесками "Алтын алқа" и "Күміс алқа"

Құрметті аналар!
Сіздерді өткен төл мерекелеріңіз 8 Наурыз Халықаралық әйелдер мерекесімен және келе жатқан еңбек пен ырыстың, бірліктің жарқын мерекесі Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамымен құттықтаймын!
Дендеріңізге саулық, бақыт, қуаныш тілеймін!
Сіздер үйдің де, түздің де шаруасын қатар алып жүріп, жетістікке жетіп, қаламыздың дамуына өзіндік үлестеріңізді қосып келесіздер.
Біздің бар жетістігіміз сіздердің белсене атсалысуларыңыздың арқасында ғана мүмкін болды. Сіздерді біздің қоғамдағы бірліктің, жасампаздық пен тұрақтылықтың бейнесі деп білеміз.
Қаламызда барлығы 4 066 көп балалы ана бар, оның ішінде «Алтын алқа» иегерлері – 731, «Күміс алқа» иегерлері – 769, 4-5 балалы аналар – 2566.
Бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеген көп балалы аналар қауымы ел ертеңіне нәр, тіршілікке әр беріп келеді.
Қазақ халқы әрқашан отбасылық құндылықтарды жоғары қойған. Әсіресе, алтын құрсақты аналарды халқымыз ерекше қадірлейді. Отбасының алтын діңгегі болып, тағылымды тәрбие, ізгі дәстүрлер сабақтастығын жалғап жүре беріңіздер!
Сіздердің еліміздің игілігі жолындағы еңбектеріңізге үлкен табыс пен сәттілік, қажымас қайрат, зор денсаулық, отбасыларыңызға береке-бірлік пен бақыт тілеймін.
Шаңырақтарыңызға әрдайым қуаныш шуағы мейірімін төгіп тұрсын!
Марапаттарыңыз құтты болсын!