Жер учаскесін сату бойынша сауда-саттық (аукциондар) өткізу туралы хабарландыру

Жер учаскесін сату бойынша сауда-саттық (аукциондар) өткізу туралы хабарландыру

Жер учаскесін сату бойынша

сауда-саттық (аукциондар) өткізу туралы хабарландыру

 

Құрметті сауда-саттыққа әлеуетті қатысушылар! "Талдықорған қаласының жер қатынастары бөлімі" ММ 2022 жылдың 15 қарашасында сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін мемлекеттік e-qazyna.kz (бұдан әрі – Портал) мүлік Тізілімінің веб-порталында бағаны көтеру әдісімен жер учаскесін немесе жер учаскесін жалға алу құқығын сату бойынша электрондық аукцион өткізілетіні туралы хабарлайды

Аукционға қатысуға өтінімдер беру "Мемлекеттік мүлік Тізілімінің веб-порталында жер учаскелерін сату немесе жер учаскелерін жалға алу құқығын электрондық түрде сату жөніндегі Сауда-саттықты (аукциондарды) ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 15 қазандағы № 297 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.

Аукционға қатысуға өтінімдерді беру және тіркеу Тізілімнің веб-порталында аукцион өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап жүзеге асырылады және аукцион басталғанға дейін екі сағат бұрын аяқталады, содан кейін қатысушылар берілген өтінімді кері қайтарып ала алмайды.

Аукционға қатысуға өтінімді келесі жолдармен беруге болады:

- egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы Жылжымайтын мүлік – жер қатынастары бөлімінде "жер учаскелерін сату бойынша сауда-саттықты (аукциондарды) немесе жер учаскелерін жалдау құқығын ұйымдастыру және өткізу арқылы мемлекеттік меншіктен жер учаскесін беру" қызметіне өтінім беру қажет, содан кейін Сізге қажет жер учаскесін Жарияланған кадастрлық картадан таңдау қажет.

- e-qazyna.kz мемлекеттік мүлік Тізілімінің веб-порталы арқылы Порталда алдын ала тіркелу қажет.  Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін қатысушының қатысуға ЭЦҚ қойылған өтінімді тіркеу қажет.

Сауда-саттыққа (аукционға) қойылатын объектілердің тізімі:

Лот нөмірі

Орналасқан жері

Пайдалану мақсаты

Алаңы, га

Құқық түрі

Бастапқы құны, тг

1

Талдықорған қ., І.Жансүгіров көшесі ,1/20

Дәріхана мен дүкеннің құрылысын салу

0,1609

Жеке меншік

2 109 399

2

Талдықорған қ., І.Жансүгіров көшесі ,1/21

Әкімшілік ғимаратың құрылысын салу

0,3028

Жеке меншік

3 969 708