Қайтарымсыз Грант

Қайтарымсыз Грант

Құрметті Талдықорған қаласының тұрғындары мен бастаушы кәсіпкерлер!

Сіздердің назарларыңызға 2022 жылғы 21-25 қараша аралығында «Жетісу облысының кәсіпкерлік және индустриялдық-инновациялық даму басқармасы» ММ-мен бизнесті дамыту үшін 5 млн. теңгеге дейінгі мемлекеттік гранттар беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімдер қабылданатындығын хабарлаймыз.

Ағымдағы жылдың 31 қазанында мемлекеттік гранттар ұсынуды түсіндіру бойынша «Жетісу облысының кәсіпкерлік және индустриялдық-инновациялық даму басқармасы» ММ-нің өкілдерімен Талдықорған қаласында кездесу жоспарланған.

Кездесуге қатысуға  ниет білдірушілерден Н.Назарбаев даңғылы 35 А, 26 каб мекен-жайы  немесе 8 (7282) 24-04-37, 8 (7282) 24-05-28 телефон нөмірлері бойынша алдын ала хабарласуларыңызды сұраймыз. 

Құрметпен «Талдықорған қаласының кәсіпкерлік бөлімі» ММ-сі

Конкурсты ұйымдастырушы: ММ "Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму Жетісу облыстары"

Конкурстың мәні: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы №728 қаулысымен бекітілген кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес экономиканың басым секторларында ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге өтеусіз негізде шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлерге мемлекеттік гранттар беру.

Грант сомасы: 5 млн.теңгеге дейін.

Конкурс нысаны: ашық конкурс.

Бюджет: 150 млн. теңге.

Конкурсқа қатысу үшін өтінімдерді беру тәсілі: ақпараттық жүйеде "электрондық үкімет" веб— порталы арқылы "Qoldau.kz" электрондық нысанда.

Конкурстық құжаттаманы ұсыну мерзімі: 2022 жылғы 21 қарашадан бастап 2022 жылғы 25 қарашаны қоса алғанда.