Өзгердістерді өзіңнен баста!

Өзгердістерді  өзіңнен баста!

Ағымдағы жылдың 19 қарашасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында «Өзгерістерді өзіңнен баста» кіші бағдарламасын іске асыру шеңберінде Әдеп жөніндегі уәкілдерінің қызметін одан әрі жетілдіру бойынша 2021 жылға арналған жоспарын іске асыру мақсатында Талдықорған қаласы әкімі аппаратының басшысы - Әдеп жөніндегі уәкілі Асхат Қанатұлы Такебаев Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының Алматы облысы бойынша филиалының аға оқытушысы, психолог, коуч-тренер Негметжанова Мариям Кадыровна Талдықорған қаласы әкімдігінің мемлекеттік қызметшілерімен кездесу ұйымдастырды.
Аға оқытушысы, психолог, коуч-тренер Негметжанова Мариям Кадыровна халыққа қызмет ететін адамдардың адалдығы және әділдігі, өз жұмысына деген жауапкершілігі, қоғам мен азаматтардың сенімін туғызуы – әрбір мемлекеттік қызметкердің міндеті екендігін атап, адамдар арасында осы қызметшілер туралы дұрыс пікір, оң көзқарас, оған деген айқын сенімділік қалыптасуы қажет екендігін жеткізді.
Талдықорған қаласы әкімі аппаратының басшысы - Әдеп жөніндегі уәкілі Асхат Қанатұлы Такебаев мұндай сенім мен құрметке жету оңай емес. Бұл үшін бір ғана кәсіби білімділік пен білгірлік жеткіліксіз екендігін, одан басқа қызметшінің жеке мінезқұлық мәселесі және бар екендігін атап айтты.
Яғни, кызметшінің кәсібилік деңгейі мен жоғары моральдық адамгершілік қасиеттері қатар тұру керек. Сондықтан, бүгінгі күні мемлекеттік қызметшінің әдебі мен мінез-құлық мәселелеріне үлкен мән берілуде. Кәсібилік пен әдептілік қосылып, мемлекеттік қызметшінің тұтас имиджін көрсетеді. Халыққа қызмет ететін адамдардың адалдығына және әділдігіне, қоғам мен азаматтардың сенімін туғызуға мүмкіндік беретіндігін айтып жеткізді.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілерге қызметіне сәттілік пен төзімділік тіледі.