Алматы облысы Полиция департаменті мемлекеттік мекемесі "құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 2-тармағына сәйкес бос мемлекеттік лауазымдарға орналасу үшін тұрақты негізде конкурс өткізеді.
Конкурсқа қатысушыға қойылатын негізгі талаптар:
- ҚР азаматтығы барлар;
- жасы 18-ден кем емес;
- денсаулығы мен дене даярлығы жақсы адамдар;
- бойы 170 см-ден төмен емес, әйелдер үшін 165 см;
- тұрғылықты жері бойынша қалалық, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімдерде есепте тұрған және саптық қызметке жарамды деп танылған;
- ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге тестілеуден өткендері;
- қатардағы және кіші басшы құрам лауазымдарына 35 жасқа дейінгі, мерзімді әскери қызмет өткерген, орта білімнен төмен емес білімі бар адамдар қабылданады;
- орта басшы құрам лауазымдарына жасы 35-тен аспаған (шекті жасқа жеткен кезде ІІМ желісі бойынша оларда зейнетақы құқығы туындаған жағдайда) жоғары заң білімі бар адамдар қабылданады.
Ішкі істер органының атауы: Алматы облысы Полиция департаменті мемлекеттік мекемесі, орналасқан жерінің мекенжайы: Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Жансүгіров көшесі, 91/95 үй, кадр қызметінің байланыс телефоны: (7282) 60-88-36.