
Сіздерді мерейлі мерекелеріңіз – Мұғалімдер күнімен шын жүректен, ыстық ықыласпен құттықтаймын!
Қадірменді ұстаздар қауымы!
«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» - демекші, сүйікті Отанымыздың дамуына қосып келе жатқан еңбектеріңіз үшін шексіз алғыс білдіремін!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен тағы да шын жүректен құттықтаймын.
Баршаңызға зор денсаулық, шығармашылық табыс, отбасыларыңызға береке мен ынтымақ тілеймін!
Мереке құтты болсын!
Ізгі тілектермен, қала әкімі Ержан Жасыбаев