Мемлекеттік қызметтерді алу жөніндегі қоғамдық қабылдау өтті

Мемлекеттік қызметтерді алу жөніндегі қоғамдық қабылдау өтті

Ағымдағы жылдың 23 қыркүйек күні Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің бастамасымен Талдықорған қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер мониторингі және ақпараттық технологиялар бөлімімен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру мақсатында Талдықорған қаласының «Open Taldykorgan» сервистік әкімдігінде қоғамдық қабылдау өткізілді. Қабылдау барысында қызмет алушылардың мемлекеттік қызметтер алу кезінде туындаған сұрақтарына жауаптар беріліп, енгізілген ұсыныстар назарға алынды.