Кәмелетке толмаған балалардың қауіпсіздігін сақтау

Кәмелетке толмаған балалардың қауіпсіздігін сақтау

Қыркүйек айының 17-сі Талдықорған қаласында кәмелетке толмаған балалардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында, "Түнгі қаладағы бала" атты акциясын жалғастыруда, яғни қалалық білім бөлімі, мектеп өкілдері, жергілікті ювеналды полиция тобы және әкімшілік қызметкерлері сапқа тұрып, ата-аналарының қарауынсыз түнгі уақытта: ойын-сауық, компьютер клубтарында және және тұрғын үй-жайлар секторлары мен аулалары бойынша рейдтік іс-шарасын өткізді.