«Тұрмыс» жедел-алдын алу іс-шарасы өтуде

«Тұрмыс» жедел-алдын алу іс-шарасы өтуде

«Тұрмыс» жедел-алдын алу іс-шарасы өтуде
 
Талдықорған қаласының аумағында ағымдағы жылдың қыркүйек айының 15 мен 17 күндері аралығында «Тұрмыс» жедел-алдын алу іс-шарасы өтуде.
Шара барысында отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтауға және жолын кесуге, көше мен қоғамдық орындардағы алкогольдік мас күйдегі адамдарды жеткізуге ерекше көңіл бөлінеді. Учаскелік полиция инспекторлары отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылықтар жасауға бейім адамдарды анықтап, олармен профилактикалық жұмыс жүргізеді.
Бүгін қалада, Талдықорған қаласының полиция Басқармасы, Жергілікті полиция қызметі, Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшесі бар. Сенім телефоны: 102 және 8-7282-60-86-15.
Сонымен қатар, 2018 жылдан бастап Алматы облысы бойынша Талдықорған қаласында «Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығы» тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен тұлғаларға көмек көрсетеді, консультативті-психологиялық және заңгерлік көмекті тегін ұсынып, қажет болған жағдайда жәбірленушілерді медициналық көмек көрсетілу үшін медициналық мекемелерге жібереді, уақытша баспана береді, осы ретте тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарының толық қауіпсіздігі мен анонимділігін қамтамасыз етеді. Балалары бар әйелдер аталған дағдарыс орталығында бір айдан жарты жылға дейін бола алады. Сенім телефондары: «1301» және ұялы телефон арқылы 87282-28-00-05 Алматы облысы бойынша қоңырау шалу тегін немесе 8-7282-41-18-34 .