Банкке жазылған кезегіңізді басқарыңыз

Банкке жазылған кезегіңізді басқарыңыз

«Отбасы Банкі» АҚ Алматы облыстық филиалы хабарлайды:

Достар, егер сіз Банктің бөлімшесіне баруды жоспарласаңыз, онда сізден кезекке алдын-ала банктің hcsbk.kz - сайты арқылы жазылуды сұраймыз.

Тіркелу үшін үш ҚАДАМ жасау керек:

1. hcsbk.kz - сайтына өту және мәліметтерді форма  бойынша толтырыңыз

2. Банктің филиалын, бөлімшесін, банкке бару мақсатын, қажет операцияны, күнін, уақытын таңдаңыз және БРОНДАУ батырмасын басыңыз

3. Қажет болса,  БРОНЬДІ ӨЗГЕРТУ немесе БРОНЬДІ ӨШІРУ мүмкіндігі бар.

Операция аяқталғаннан кейін сізге коды бар смс-хабарлама келеді, оны Банкке бару үшін сақтаңыз.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Банк филиалында сіз бір сағат ішінде қызметке қабылданасыз.