алдықорған қаласы әкімінің орынбасары болып Нұржанов Даркен Нұржанұлы тағайындалды.

алдықорған қаласы әкімінің орынбасары болып Нұржанов Даркен Нұржанұлы тағайындалды.

Нұржанов Даркен Нұржанұлы 1981 жылы 22 сәуірде Алматы қаласында дүниеге келді. 2003 жылы Қазақ ұлттық техникалық университетін инженер технолог, 2005 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін заңгер мамандықтары және 2011 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін сәулет бакалавры бойынша тәмамдаған. Өзінің еңбек жолын 2001 жылы «Қазақстанның Жастар Ақпарат Қызметі» қоғамдық қоры аймақтармен жұмысты үйлестірушісі болып бастаған. ҚР құрылыс және ТҮКШ істері агенттігі мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау, қадағалау, лицензиялау және аттестаттау департаментінде, ҚР Өңірлік даму министрлігі құрылыс комитетінде жұмыс істеген. Көп жылдар бойы облыстың сәулет және құрылыс саласында жұмыс атқарған. Сәулет және қалақұрылыс басқармасы басшысының орынбасары, басшысы, Талғар ауданы әкімінің орынбасары лауазымдарын атқарған.