Құрметті көп пәтерлі тұрғын үйлердің тұрғындары!!!

Құрметті көп пәтерлі тұрғын үйлердің тұрғындары!!!

Талдықорған қаласының әкімдігінің «Талдықорған қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ – сі Сіздерге «Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасы заңының 28-бабы 7-тармағына сәйкес, екі қабаттан астам қабатты көп пәтерлі тұрғын үйлердің тұрмыстық баллондарында сұйытылған мұнай газын сақтауға және (немесе) пайдалануға тыйым салынатынын хабарлаймыз.
Осы талаптарды орындамағаны үшін заң бұзушыларға «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 306-бабының тәртібінде айыппұл қолданылатын болады.
Сіздердің өмірлеріңіз бен тұрғын үй қорларыңызды сақтау мақсатында Сізден электр плиталарын пайдалануыңызды немесе табиғи газға көп пәтерлі тұрғын үйді қайта қосуды сұраймыз.
Анықтама телефоны – 24-03-90