Талдықорған қаласының ХҚО-на тек алдын ала бронмен баруға болады

Талдықорған қаласының ХҚО-на тек алдын ала бронмен баруға болады

Азаматтардың көптеп жиналуын және вирусты жұқтыру қаупін болдырмау мақсатында кейбір өңірлердегі ХҚО-лар азаматтарды қатаң түрде тек алдын ала жасалған брон негізінде қабылдайды. Эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты өңірдің бас санитарлық дәрігері ХҚО-ның жұмысы бойынша арнайы шешім шығарды. Енді келушілерді қабылдау тек алдын ала жазылу арқылы жүзеге асырылады. Айта кетейік, бұл өзгерістер ауылды жерлер мен аудан орталықтарының ХҚО-ларының жұмысына еш әсер етпейді.
ХҚО ғимаратында қатаң түрде бетперде тағу тәртібін сақтау қажет. Қашықтықты сақтау үшін арасы 1,5-2 метр болатын белгілер сызылған. Әрбір ХҚО-да санитайзерлер бар.
Брондауға өтінім қалдыру үшін азаматтар egov.kz электрондық үкімет порталын, eGovKzBot2.0. телеграм-ботын пайдалана алады немесе 1414 қысқа нөміріне қоңырау шала алады. Брондау рәсімінен кейін азаматқа ХҚО-ға бару уақыты туралы тиісті смс-хабарлама жолданады.
Біздің әріптестеріміз фронт-офистерде қызмет алушылармен тікелей байланыста. Біз келушілер мен қызметкерлердің қауіпсіздігін барынша қамтамасыз етуге тырысамыз. Сондықтан қызмет алушыларға қандайда ауру белгілері байқалса, ХҚО-ға барудан бас тартуға кеңес береміз.