Құрметті салық төлеушілер!

Құрметті салық төлеушілер!

Талдықорагн қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы 2020 жылғы 16 қараша № 1104 бұйрығына сәйкес, Экспорттық бақылауға жататын тауарлар (қосарлы мақсаттағы, әскери мақсаттағы) бойынша ТІЖ ресімдеу туралы ескертеді.

Экспорттық бақылауға жататын тауарлардың (қосарлы мақсаттағы, әскери мақсаттағы) тізімі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 ақпандағы № 104 қаулысымен бекітілді.

Экспорттық бақылауға жататын тауарлар (қосарлы мақсаттағы, әскери мақсаттағы) бойынша ТІЖ ресімделеді:

  1. ЕАЭО мүше басқа мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелген кезде;

Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО мүше басқа мемлекеттердің аумағына әкеткен кезде;

Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан еркін экономикалық аймақ аумағынан ЕАЭО мүше басқа мемлекеттердің аумағына әкеткен кезде ресімделеді.

  1. G10 бөлімде ТІЖ ресімдеген кезде ЭШФ АЖ орналастырылған рұқсат беру құжаттардың журналынан жүктелетін рұқсат беру құжаты туралы мәліметті көрсету қажет.

 

Талдықорған қаласы бойынша

мемлекеттік кірістер басқармасының

бас маманы Садырова Г.Е.