Алматы облысының аумағында кей жерлерде жауын-шашын(қар) күтілуде

Алматы облысының аумағында кей жерлерде жауын-шашын(қар) күтілуде

Талдықорған қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы ескертеді! "Қазгидромет" РМК ұсынған Алматы облысы бойынша қысқа мерзімді ауа райы болжамына сәйкес, 2020 жылғы 28-29 қарашада Алматы облысының аумағында кей жерлерде жауын-шашын(қар), таулы аймақтарда қатты жауын-шашын, кей жерлерде тұман,төменгі боран күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, шығыстаноңтүстік-батысқа ауыспалы жел соғады, күші 9-14 м/с, кей жерлерде 15-20 м/с.Ауа температурасы түнде 1-6, кей жерлерде 10-15 градус аяз, күндіз 3-8 градус жылы, кей жерлерде 0 градус.

Осыған байланысты қысқы кезеңдегі төтенше жағдайларды болдырмау үшін келесі маңызды ережелерді естеріңізге саламыз:

- азаматтарға автокөлікпен жолға шығар алдында ауа райы жағдайлары мен дауылды ескертулерге назар аудару,

- жазғы шиналарды қысқы шиналарға ауыстыру және машинада күрек пен балта, жылы киімдер, сіріңкелер мен шырақтар, азық-түлік және ЖЖМ қоры, құралдар, алғашқы медициналық көмек жинағы және зарядталған ұялы телефон болу қажет.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда тәуліктік бірыңғай құтқару қызметінің "112" нөміріне немесе "101"нөміріне қоңырау шалыңыз.