Қала тұрғындарының назарына!!!

Қала тұрғындарының назарына!!!

Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы Конвенция ережесіне сәйкес жыл сайын 25 қарашада «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясын өткізе отырып, халықаралық зорлық-зомбылық көрсетуді жою күні атап өтіледі.
Акцияның мақсаты – зорлық-зомбылықты ескерту және жолын кесу, ана мен баланы қорғау, қоғамдағы отбасының рөлін нығайтуға бағытталған қабылданып жатқан шаралар туралы таныстыру.
Ағымдағы жылғы 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында қала аумағында «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» республикалық акциясы өткізіледі.
Іс-шара барысында елді мекендерде полицияның қоғамдық көмекшілерін, жастар бірлестіктерін, үкіметтік емес ұйымдарды тарта отырып, отбасылық құндылықтарды насихаттау жөніндегі іс-шаралар жүзеге асырылады.
Бүгін қалада, Талдықорған қаласының полиция Басқармасы, Жергілікті полиция қызметі, Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшесі бар. Сенім телефоны: 8-7282-60-86-15 және 102.
Сонымен қатар, 2018 жылдан бастап Алматы облысы бойынша Талдықорған қаласында «Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығы» тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен тұлғаларға көмек көрсетеді, консультативті-психологиялық және заңгерлік көмекті тегін ұсынып, қажет болған жағдайда жәбірленушілерді медициналық көмек көрсетілу үшін медициналық мекемелерге жібереді, уақытша баспана береді, осы ретте тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарының толық қауіпсіздігі мен анонимділігін қамтамасыз етеді. Балалары бар әйелдер аталған дағдарыс орталығында бір айдан жарты жылға дейін бола алады. Сенім телефондары: «1301» және ұялы телефон арқылы 87282-28-00-05 Алматы облысы бойынша қоңырау шалу тегін немесе 8-7282-41-18-34 .

Талдықорған ҚПБ ЖПҚБ
ӘЗЗҚТ-ның аға инспекторы
полиция майоры
Гульвира Жалгасбековна Иманхатова