Талдықорған қаласының қоғамдық көліктерінде электрондық билеттеу жүйесін іске қосу туралы хабарлама

Талдықорған қаласының қоғамдық көліктерінде  электрондық билеттеу жүйесін іске қосу туралы хабарлама

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында ағымдағы жылдың 25 қараша айынан  Талдықорған қаласының қоғамдық көліктерінде электрондық билеттеу жүйесін іске қосу жоспарланған. Орнатылған жүйе жол жүру ақысын төлеудің 9 әдісін қарастырады: көлік карталары, банк карталары, SMS-төлем, 4 мобильді қосымша, NFC смартфоны және қолма-қол ақша.

Бүгінгі күнде барлық 196 автобус салондарында валидаторлар орнатылған. Төлем карталарын «Қазпошта» АҚ бөлімшелерінен, сондай-ақ «Алемпэй» ЖШС кеңселерінен сатып алуға болады. Көлік картасының құны 500 теңге, балалар үшін 400 теңге.

Қоғамдық көліктерде сараланған тариф туралы қаулы қабылданды, яғни:

ұялы байланыс операторының қызметтері арқылы не жол жүру үшін электрондық жол жүру картасы арқылы қолма-қол ақшасыз төленген жағдайда-80 (сексен) теңге;

жол жүру үшін қолма-қол ақшамен төлеген кезде-120 (жүз жиырма) теңге.

Жүйе «АЛЕМПЭЙ» ЖШС-нің жеке инвестициялары есебінен орнатылған.

 

 

«Талдықорған қаласының

ЖК және АЖБ» ММ басшының м.а.                                  Н.Алтынбеков