Талдықорғанда қала орталығын жаңғыртуға бағытталған реновация жобалары талқыланды

Талдықорғанда қала орталығын жаңғыртуға бағытталған реновация жобалары талқыланды

Талдықорғанда қала орталығын жаңғыртуға бағытталған реновация жобалары талқыланды

Бүгін қала әкімі Ернат Бәзіл ірі құрылыс компания ұйымдардың өкілдерін қабылдап, «Реновация» бағдарламасын жүзеге асыру мәселелерін талқылады.

Жиында «Реновация» бағдарламасы аясында Жансүгіров көшесі, Қабанбай батыр көшесі және Н. Назарбаев даңғылы бойында орналасқан, өткен ғасырдың 50-жылдары салынған аз қабатты тұрғын үйлерді бұзып, олардың орнына заманауи көпқабатты тұрғын үйлер салу мәселесі қаралды.

Қала әкімі мердігер ұйымдар тарапынан нақты әрі тиімді ұсыныстар болған жағдайда әкімдік тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілетінін атап өтті. Сондай-ақ жиында көтерілген мәселелер бойынша нақты жобалық ұсыныстар әзірлеп, ұсынуды тапсырды.

– Қаланың дамуы ең алдымен тұрғындардың жайлы өмір сүруіне байланысты. Сондықтан «Реновация» бағдарламасы аясында тұрғын үй қорын жаңғырту жұмыстарын кезең-кезеңімен жүзеге асыруымыз қажет. Бұл бағытта құрылыс компанияларымен бірлесіп тиімді жобаларды іске асыруға дайынбыз, – деді қала әкімі Ернат Бәзіл.

Айта кетейік, «Реновация» бағдарламасын жүзеге асыру қала орталығындағы ескі тұрғын үйлерді кезең-кезеңімен жаңартуға, сәулеттік келбетті жақсартуға және тұрғындарды жайлы әрі заманауи баспанамен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.