Қала әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Қала әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Қала әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Қабылдауға келген қала тұрғындары бірқатар өзекті мәселелерді көтерді. Атап айтқанда, балалар ойын алаңдарын абаттандыру, жер құжаттарын рәсімдеу және кәсіпкерлік саласына қатысты мәселелер қаралды.

Қала әкімі әрбір өтінішті мұқият тыңдап, көтерілген мәселелерді жан-жақты зерделеді. Әрбір сұрақ бойынша тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар беріліп, олардың орындалуын тұрақты бақылауға алу тапсырылды.

– Халықпен ашық диалог орнатып, әрбір тұрғынның мәселесіне бейжай қарамау біздің басты міндетіміз. Көтерілген барлық сұрақтар бақылауда болады және кезең-кезеңімен өз шешімін табады, – деді қала әкімі Ернат Бәзіл.