Ернат Бәзіл: «Мерекелік» саяжайына 30 шақырымнан астам газ желісі тартылады

Ернат Бәзіл: «Мерекелік» саяжайына 30 шақырымнан астам газ желісі тартылады

Ернат Бәзіл: «Мерекелік» саяжайына 30 шақырымнан астам газ желісі тартылады

Бүгін Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл «Мерекелік» саяжай алабының тұрғындарымен кездесті.

Кездесу барысында тұрғындар тарапынан негізінен табиғи газ тарту және жолдарды жөндеу мәселелері көтерілді. Өз кезегінде қала әкімі саяжай аумағына газ тарту жұмыстары басталғанын, ал келесі жылы тұрғындар көгілдір отынның игілігін көретінін айтты. Сонымен қатар, жол жөндеу жұмыстары да кезең-кезеңімен жалғасатынын жеткізді.

Айта кетейік, қазіргі таңда Жетісу облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы тарапынан тиісті жоба әзірленіп, саяжай аумағын газдандыру жұмыстары басталды. Жоба аясында 30 шақырымнан астам газ желісі тартылатын болады.

Осылайша, осыған дейін от жағып, күл шығарып келген «Мерекелік» саяжайының тұрғындары да көгілдір отынның игілігін көретін болады.

Сондай-ақ өткен жылы саяжай аумағындағы 7,5 шақырым көшеге түнгі жарық желілері тартылып, жарықтандыру шамдары орнатылған болатын.