Талдықорғанда 2000-ға жуық жасөспірім «Былғары доп» турнирінде бақ сынауда

Талдықорғанда 2000-ға жуық жасөспірім «Былғары доп» турнирінде бақ сынауда

Талдықорғанда 2000-ға жуық жасөспірім «Былғары доп» турнирінде бақ сынауда

Талдықорған қаласында балалар мен жасөспірімдер арасында дәстүрлі «Былғары доп» футбол турнирі ұйымдастырылуда. Қала әкімдігінің бастамасымен қолға алынған жоба 15 жылдан кейін қайта жаңғыртылып, биыл аулалық командалардың басын қосты.

Жарысқа қала бойынша 120 команда мен 2000-ға жуық жас спортшы қатысуда. Турнирдің салтанатты ашылу рәсімінде қатысушыларға 1800 футбол добы тегін таратылды.

Биылғы додаға 2010–2017 жылдары туған балалар қатысып, төрт жас санаты бойынша бақ сынауда. Ойындар №6, №12, №17 жалпы орта білім беретін мектептер мен №28 IT мектеп-лицейінің спорт алаңдарында өтуде.

Турнирдің басты мақсаты бұқаралық спортты дамыту, балалар мен жасөспірімдерді спортқа баулу, олардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру және салауатты өмір салтын насихаттау. Сонымен қатар жарыс барысында талантты жас футболшыларды анықтап, кәсіби спортқа бағыттау көзделген.

Жарыстың жалпы жүлде қоры 3 миллион 280 мың теңгені құрайды. Қазіргі таңда командалар жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, тартысты ойын өрнегін көрсетуде.

Маусым айында басталған турнир 15 тамызға дейін жалғасады.