Талдықорғанда «Startup Women Jetisu 2026» бағдарламасының қорытынды жиыны өтті

Талдықорғанда «Startup Women Jetisu 2026» бағдарламасының қорытынды жиыны өтті

Талдықорғанда «Startup Women Jetisu 2026» бағдарламасының қорытынды жиыны өтті

Талдықорған қаласындағы Салтанат сарайында Жетісу облысы бойынша Іскер әйелдер қауымдастығының 2025–2026 жылдардағы жұмыс қорытындысына арналған «Startup Women Jetisu 2026» салтанатты жиыны өтті.

Іс-шараға қауымдастық мүшелері, кәсіпкер әйелдер, тәлімгерлер, сарапшылар мен серіктестер қатысып, атқарылған жұмыстар қорытындыланып, алдағы жоспарлар талқыланды.

Жиынға қала әкімі Ернат Бәзіл қауымдастық мүшелерін мерейлі белестермен құттықтап, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлестері үшін бірқатар азаматшаларды марапаттады.

Қала әкімі Ернат Бәзіл:
– Бизнес саласында белсенді еңбек етіп жүрген іскер әйелдердің 2025–2026 жылдардағы жұмыс қорытындысына арналған жиында сіздермен жүздесіп отырғаныма қуаныштымын. Биыл Жетісу облысы бойынша Іскер әйелдер қауымдастығының құрылғанына 5 жыл толып отыр. Сонымен қатар, Республикалық іскер әйелдер қозғалысының қалыптасқанына 30 жыл толуы еліміздегі әйелдер кәсіпкерлігінің даму жолындағы маңызды белес, – деді.

Қала басшысы өз сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың гендерлік саясатты дамыту және әйелдер кәсіпкерлігін қолдау бағытындағы бастамаларына тоқталып, 2021 жылдан бері Талдықорған қаласында іскер әйелдердің бизнесін дамытуға арналған нақты қолдау шаралары жүзеге асырылып келе жатқанын атап өтті. Нәтижесінде кәсіпкер әйелдер түрлі салаларда табысты еңбек етіп, жаңа жұмыс орындарын ашып, өңір экономикасының дамуына елеулі үлес қосуда.

Салтанатты шара барысында Жетісу облысы Іскер әйелдер қауымдастығына жаңа мүшелер қабылданып, сертификаттар табысталды.

Жетісу облысы Іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Аннели Көпекова бағдарламаның кәсіпкер әйелдердің кәсіби және тұлғалық дамуына үлкен серпін бергенін атап өтті.