ТЖД судағы қауіпсіздікті сақтау ережелерін еске салады

ТЖД судағы қауіпсіздікті сақтау ережелерін еске салады

Жетісу облысының аумағында судағы жаппай демалысқа арналған 4 орын белгіленген. Атап айтқанда: Талдықорған қаласының қалалық жағажайы, Алакөл ауданының Ақши және Көктұма жағалаулары, сондай-ақ Сарқан ауданындағы Балқаш көлінің жағалауы.

Суға шомылу маусымы ресми түрде биыл 1 маусымда басталады. Осыған орай тұрғындарға қарапайым қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажеттігін ескертеміз:

- тек рұқсат етілген және жабдықталған жағажайларда шомылу;

- балаларды су айдындары маңында қараусыз қалдырмау;

- мас күйде суға түспеу;

- буйкамен белгіленген қауіпсіздік аймағынан аспау;

- жүзу құралдарын (құтқару кеудешесі және т.б.) пайдалану;

- су қоймаларындағы ескерту белгілеріне назар аударыңыз.

Құрметті тұрғындар! Судағы қауіпсіздік – әр адамның жеке жауапкершілігі. Қарапайым қауіпсіздік қағидаларын сақтау арқылы сіз өз өміріңізді және жақындарыңыздың өмірін сақтай аласыз. Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне хабарлаңыз.

Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаменті