🔻 Қала әкімі Ернат Бәзіл құрылыс нысандарын аралады

🔻 Қала әкімі Ернат Бәзіл құрылыс нысандарын аралады

Бүгін қала әкімі Ернат Бәзіл қала аумағындағы бірқатар маңызды құрылыс нысандарын аралап, атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты.

Алдымен қала басшысы іргетасы қаланып жатқан 10-11 шағын ауданда болды. Мұнда салынып жатқан тұрғын үйлерге жүргізілетін жылу және электр желілерінің, сондай-ақ ауыз су жүйесінің жағдайын тексерді.

Одан кейін шаһар басшысы Оңтүстік Батыс ауданның тұрғындарын жылумен қамтитын жаңа қазандықтың құрылыс нысанына барып, жұмыс қарқынын бақылады.

Сонымен қатар, «Береке» коттедж қалашығындағы қазандық құрылысының жүргізілу барысымен танысты. Мердігерлер қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жоспарға сәйкес жүріп жатқанын мәлімдеді.

Бұдан бөлек, Шевченко және Дайыров көшелеріндегі орташа жөндеу жұмыстары да тексерілді. Аталған көшелерде жол жамылғысын жаңарту, арық желілерін салу, жаяу жүргіншілер жолын ретке келтіру жұмыстары жүргізілуде.

Қала әкімі барлық құрылыс және жөндеу жұмыстарының сапалы орындалуы мен белгіленген мерзімде аяқталуы қатаң бақылауда болатынын ескертті. Сондай-ақ жауапты сала мамандарына әрбір нысандағы жұмысты жүйелі бақылап, тұрғындар тарапынан туындайтын мәселелерге жедел назар аударуды тапсырды.