
Талдықорған қаласында мамыр мерекелері қарсаңында субұрқақтар маусымы басталды.
Мерекелік күндер алдында қалада тұрғындар мен қонақтардың сүйікті демалыс орындарының біріне айналатын субұрқақтар іске қосылды.
Айта кетейік, жазғы кезеңде облыс орталығында барлық 13 субұрқақ жұмыс істеп, жайлы қалалық орта қалыптастырады.