Қала әкімі Ернат Бәзіл №4 орта мектебінің оқушыларымен кездесті

Қала әкімі Ернат Бәзіл №4 орта мектебінің оқушыларымен кездесті

Бүгін қала әкімі Ернат Бәзіл қаламыздың озық білім ордаларының бірі №4 орта мектебінің оқушыларымен және мектеп ұжымымен кездесті.

Кездесу барысында қала әкімі оқушылармен ашық әрі еркін форматта диалог құрып, пікір алмасты. Өз кезегінде оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, көкейлеріндегі ойларымен бөлісті.

Тағылымды жиында қала әкімі әсем қаламызды дамыту және халықтың әл-ауқатын арттыру мақсатында жүзеге асырылып жатқан жобалармен таныстырды. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасы мен «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасының маңыздылығына тоқталып, оқушыларды осы бастамаларды қолдауға және белсенді қатысуға шақырды.

«Еліміздің жарқын келешегі сіздердің қолдарыңызда. Сондықтан қазірден бастап сапалы білім мен тағылымды тәрбие дағдыларын қалыптастыруға ерекше мән берсеңіздер, еліміздің кемел келешегі де жарқын болады. Сіздер халқымызға адал қызмет ететін отаншыл жастар боласыздар деп сенемін», – деді қала әкімі Ернат Бәзіл.

Айта кетейік, бүгінгі таңда №4 орта мектебінде 2026 оқушы білім алуда, оларға 153 білікті ұстаз тәлім-тәрбие береді. Биыл мектеп табалдырығын 200 бүлдіршін аттаса, 110 түлек мектеп бітіреді. Түлектердің басым бөлігі жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді таңдаған. Сонымен қатар, «Алтын белгіге» 4 оқушы, ал ерекше үлгідегі аттестатқа 6 оқушы үміткер.