Талдықорғанда жалпыұлттық референдумды ұйымдастыруға үлес қосқан азаматтар марапатталды

Талдықорғанда жалпыұлттық референдумды ұйымдастыруға үлес қосқан азаматтар марапатталды

Бүгін Талдықорған қаласы әкімдігінің мәжіліс залында қала әкімі Ернат Бәзіл Жаңа Конституцияны қабылдау және оны ұйымдастыру жұмыстарына үлес қосқан қызметкерлерді салтанатты түрде қабылдады. Іс-шара барысында маңызды мемлекеттік науқанға белсенді қатысқан азаматтардың еңбегі жоғары бағаланды.

Қала әкімі жиналғандарды құттықтап, олардың ел болашағына қатысты саяси-құқықтық үдерістерге жауапкершілікпен қарағанын атап өтті. Сондай-ақ, бұл марапат елдік маңызы бар іске қосқан үлестеріне берілген лайықты баға екенін жеткізді.

Қала әкімі Ернат Бәзіл:

– Бүгін сіздермен жүздесіп, ел игілігі жолында еңбек етіп жүрген азаматтарға алғыс білдіру мен үшін үлкен мәртебе. Жаңа Конституцияны қабылдау және оны ұйымдастыру барысында сіздер кәсібилік пен жауапкершілік танытып, мемлекет дамуына елеулі үлес қостыңыздар. Бұл ел тағдырына деген адалдықтың айқын көрінісі, – деді.

Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың атынан алғыс хаттар табысталып, бірқатар азаматтарға қала әкімінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хаты берілді.

Салтанатты шара соңында қала әкімі марапат иелеріне жылы лебізін білдіріп, еңбектеріне табыс, қызметтеріне толайым жетістік тіледі.