Қала әкімі қарқынды басталған жол жөндеу жұмыстарының барысымен танысты

Қала әкімі қарқынды басталған жол жөндеу жұмыстарының барысымен танысты

Бүгін қала әкімі Ернат Бәзіл Шевченко–Қабанбай батыр және Дайыров көшелерінде жүргізіліп жатқан жол жөндеу жұмыстарының барысын тексерді.

Алдымен қала басшысы Шевченко–Құрманов көшесінде атқарылып жатқан орташа жөндеу жұмыстарының жай-күйімен танысты. Қазіргі таңда бұл көшеде жол жабынын жаңарту және жаяу жүргіншілерге арналған тротуар салу жұмыстары жүргізілуде.

Ал Дайыров көшесінде арық жүйелерін орнату және жол жабындысын тегістеу жұмыстары басталып, қарқынды түрде жалғасуда.

Аралау кезінде қала әкімі мердігер ұйымдарға бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді. Атап айтқанда, көше тротуарларын толық қалпына келтіру, жол сапасын арттыру, инженерлік инфрақұрылымды ретке келтіру, сондай-ақ заңсыз орнатылған сауда нысандарын алып тастау қажеттігін атап өтті.

«Жол жөндеу жұмыстары ең алдымен сапалы орындалуы тиіс. Әрбір көше тұрғындарға қауіпсіз әрі қолайлы болуы қажет. Белгіленген мерзімнен кешігуге жол берілмейді», – деді қала әкімі.

Қала басшысы барлық жұмыстардың сапалы орындалуы және белгіленген мерзімде аяқталуы қатаң бақылауда болатынын жеткізді.