
«Береке» коттедж қалашығы мен Ынтымақ тұрғын алабынан қалаға қатынайтын жаңа жол айырымының құрылысы басталды.
Осыған орай қала әкімі Ернат Бәзіл арнайы барып, мердігер өкілдерімен кездесті. Әкім қолға алынған ауқымды жобаның көлік қозғалысы үшін барынша қауіпсіз болуын және белгіленген мерзімде сапалы аяқталуын тапсырды.
Еске сала кетсек, облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың тұрғындармен кездесуінде «Береке» коттедж қалашығы мен Ынтымақ тұрғын алабының тұрғындары Талдықорған қаласына жету үшін шамамен 2 шақырымға жуық артық айналма жолмен жүруге мәжбүр екенін айтып, бұл бағыттың тиімсіз екенін жеткізген болатын.
Осыған байланысты биыл жаңа жоба әзірленіп, «Алматы – Өскемен» автожолының 259-шақырымында, яғни Ынтымақ тұрғын үй алабы мен «Береке» коттедж қалашығына апаратын жаңа жол айырымының құрылысы қолға алынып, басталды. Жол айырымының жалпы ұзындығы 300 метр.
Жоба жүзеге асқаннан кейін қала мен аталған елді мекендер арасындағы көлік қатынасы едәуір жеңілдеп, жол қауіпсіздігі артып, тұрғындардың уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді.
Осылайша жаңа жол айырымы тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасап, елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң ықпалын тигізбек.