Алматы облысының аумағында кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтілуде

Алматы облысының аумағында кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтілуде

Талдықорған қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы ескертеді! "Қазгидромет" РМК ұсынған Алматы облысы бойынша қысқа мерзімді ауа райы болжамына сәйкес, 2020 жылғы 09 қараша және 12-13 қарашада Алматы облысының аумағында кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар), таулы аймақтарда қатты жауын-шашын, кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауыспалы жел соғады, күші 9-14 м/с, кей жерлерде 15-20 м/с.Түнде ауа температурасы 1-ден 5 градусқа дейін төмендейді, кей жерлерде 1-ден 3 градусқа дейін үсік жүреді.
Осыған байланысты қысқы кезеңдегі төтенше жағдайларды болдырмау үшін келесі маңызды ережелерді естеріңізге саламыз:
- азаматтарға автокөлікпенжолға шығар алдында ауа райы жағдайлары мен дауылды ескертулерге назар аудару,
- жазғы шиналарды қысқы шиналарға ауыстыру және машинада күрек пен балта, жылы киімдер, сіріңкелер мен шырақтар, азық-түлік және ЖЖМ қоры, құралдар, алғашқы медициналық көмек жинағы және зарядталған ұялы телефон болу қажет.
Төтенше жағдай туындаған жағдайда тәуліктік бірыңғай құтқару қызметінің "112" нөміріне немесе "101"нөміріне қоңырау шалыңыз.