
Облыс орталығы Талдықорғанда көктемгі дала жұмыстары биыл ерте басталып, ауа райының қолайлылығының арқасында диқандар қарқынды еңбекке кірісті. Осыған орай, өңірде егіс науқаны жоспарлы түрде жүзеге асырылуда.
Жалпы, 2026 жылға арналған ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқабы 6208 гектарды құрайды. Оның ішінде дәнді дақылдар: Күзгі бидай 108 га, күзгі арпа 150 га, жаздық бидай 120 га, жаздық арпа 165 га және жүгері 600 га.
Сонымен қатар, майлы дақылдар ішінде қытай бұршағы (соя) 1970 гектарға егілмек. Әлеуметтік маңызы зор дақылдардың бірі қант қызылшасы. Биыл ол 150 гектарға себілетін болады.
Көктемгі дала жұмыстарын сапалы жүргізу үшін минералдық тыңайтқыштармен қамтамасыз ету маңызды. Осыған орай, биыл жоспарға сәйкес 1136 тонна тыңайтқыш сатып алынып, дала жұмыстарына қатысатын 379 ауыл шаруашылығы техникасы толық тіркелді. Оның ішінде 344 трактор және 35 комбайн бар, барлығы қазіргі уақытта жұмысқа дайын. Сонымен қатар, жыл басынан бері шаруа қожалықтары 47,8 млн теңгеге 3 жаңа ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынды.
«Минералдық тыңайтқыштармен қамтамасыз ету жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде. Сонымен қатар «Кең дала» бағдарламасы аясында шаруаларға қаржылай қолдау көрсетілуде. Биыл 5 шаруа қожалығы 129,2 млн теңге көлемінде жеңілдетілген несие алды», - дейді ауыл шаруашылық бөлімінің бас маманы Нұржан Орынбеков.