Талдықорғанда «Спорт есірткіге қарсы» ұранымен жалпы жүгіріс ұйымдастырылды

Талдықорғанда «Спорт есірткіге қарсы» ұранымен жалпы жүгіріс ұйымдастырылды

«Заң мен тәртіп» идеологемасы аясында «Спорт есірткіге қарсы» ұранымен таңғы жаттығу және жүгіріс ұйымдастырылды.

Аталған іс-шараның басты мақсаты – салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау, жастар арасында есірткіге қарсы тұрақты көзқарас пен иммунитет қалыптастыру, сондай-ақ бұқаралық спортты дамыту болып табылады.

Таңғы сергектікке бағытталған шараға 100-ге жуық қала тұрғыны қатысып, белсенділік танытты. Қатысушылар бірлесе жаттығу жасап, кейін жаппай жүгіріске шықты. Іс-шара тұрғындардың спортқа деген қызығушылығын арттырып, қоғамда салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығын тағы бір мәрте айқындады.

Шара барысында сөз алған Қазақстанның «Temiradam» атағының бес дүркін иегері, Жетісу облысы Ескелді ауданының ардагер-спортшысы Бақытжан Бектенов:

«Мұндай бастамалар жастар үшін өте маңызды. Спорт – тек денсаулық кепілі ғана емес, ол дұрыс өмірлік ұстаным қалыптастыратын құрал. Бүгінгі шара арқылы біз жас буынға үлгі көрсетіп, оларды зиянды әдеттерден аулақ болуға шақырамыз. Әрбір азамат өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, спортты өмірінің ажырамас бөлігіне айналдыруы тиіс», – деп атап өтті.

Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.