Мемлекеттік қызмет – қоғам мен мемлекет алдындағы жоғары жауапкершілікті талап ететін сала.

Мемлекеттік қызмет – қоғам мен мемлекет алдындағы жоғары жауапкершілікті талап ететін сала.

Мемлекеттік қызмет – қоғам мен мемлекет алдындағы жоғары жауапкершілікті талап ететін сала. Мемлекеттік қызметшілердің заң талаптарын сақтауы, әдеп мәдениетін ұстануы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қағидаттарды орындауы қоғамдық сенімді нығайтудың маңызды шарты болып табылады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі қызметшілердің мінез-құлық стандарттарын айқындайды. Оған сәйкес мемлекеттік қызметшілер өз міндеттерін адал орындауға, заңдылықты сақтауға, азаматтардың құқықтарын құрметтеуге және қызметтік талаптарды мүлтіксіз ұстануға міндетті.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мемлекеттік қызметтің маңызды бағыты болып табылады. Қызметшілер мүдделер қақтығысына жол бермеуге, қызметтік өкілеттіктерін жеке мақсатта пайдаланбауға және заңмен белгіленген шектеулерді сақтауға тиіс.
Жалпы, адалдық, әділдік және жауапкершілік қағидаттарын сақтау – мемлекеттік қызметшінің кәсіби міндеті әрі қоғам алдындағы борышы. Бұл мемлекеттік қызметтің беделін арттырып, қоғамның сенімін нығайтады.

Талдықорған қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы С. Ахан, бас маман Ж. Маратова