«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде Талдықорған қаласында қоғамдық көлікте электрондық билеттеу жүйесі енгізілді.
Жол ақысын төлеуге арналған көлік картасын «Қазпочта»АҚ бөлімшелерінен, екінші деңгейлі банктерден (Халық банк, Ресей сбербанкі және т.б.) сатып алуға болады.
Көлік картасының құны 500 теңге, балалар үшін 400 теңге.