
Бүгін қала әкімі Ернат Бәзіл қала әкімдігінде қызмет етіп жүрген аяулы аруларды көктемнің шуақты мерекесі 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, ақжарма тілегін білдірді.
Қала басшысы өз сөзінде әйел-аналардың қоғамдағы, отбасындағы және қызметтегі ерекше рөлін атап өтті.
Қала әкімі Ернат Бәзіл:
- Сіздерді көктемнің ең шуақты әрі әсем мерекесі 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Әйел тіршіліктің тірегі, отбасының берекесі, қоғамның көркі. Сіздер қызметте жауапты міндеттерді абыроймен атқарып қана қоймай, бала тәрбиелеп, шаңырақтың берекесін сақтап жүрген аяулы аналарсыздар. Осындай еңбектеріңіз бен төзімдеріңіз ерекше құрметке лайық. Баршаңызға зор денсаулық, отбастарыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілеймін. Әр шаңырақта қуаныш пен шаттық мол болсын! – деп ізгі тілегін жеткізді.
Мерекелік шара барысында әкімдік қызметіндегі нәзік жанды аруларға алғыс айтылып, ерекше құрмет көрсетілді.