
Бүгін қала әкімі Ернат Бәзіл «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығындағы қаламыздың зейнеткерлерімен кездесті.
Қала әкімі қаланың дамуына қатысты басым бағыттарға тоқталып, биыл қолға алынып жатқан жобалар туралы айтып өтті.
Сондай-ақ әкім облыс әкімі Бейбіт Өксікбайұлының қолдауының арқасында соңғы екі жылда қала бюджеті 30 пайызға өсіп, халықтың әл-ауқатын арттыруға және тұрғындардың жайлы өмір сүруі үшін бірқатар жұмыстар атқарылып жатқанын атап өтті.
Әкім дана көз қарияларымыздың сара жолы өскелең ұрпаққа өнеге екенін, сондай-ақ олардың әлі күнге дейін қоғам өмірінен тыс қалмай, жастарға тағылымды тәрбие беріп, салт-дәстүрімізді дәріптеуде талмай еңбек етіп жүргендерін жоғары бағалайтынын айтты.
Еске салайық, «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығы 2024 жылдың қаңтар айында ашылған. Бүгінде орталыққа күн сайын 250 зейнеткер келіп, түрлі қызметтерді тегін алады. Атап айтқанда, қазақ және ағылшын тілдерін үйрену, би, йога, фитнес, скандинавиялық жүріс, вокал, шашки, шахмат, психологиялық және қаржылық сауаттылық сабақтары, сондай-ақ смартфонмен жұмыс істеу сынды бірнеше бағыт бойынша көмек алуда.
Айта кетейік, бүгінгі таңда Талдықорған қаласының халқы 210 мыңнан асады, соның 27 мыңнан астамы зейнеткерлер.