Қала әкімі Ернат Бәзіл қоғам өкілдерімен жаңа Конституцияның жобасын талқылауға арналған жиын өткізді

Қала әкімі Ернат Бәзіл қоғам өкілдерімен жаңа Конституцияның жобасын талқылауға арналған жиын өткізді

Талдықорған қаласында Салтанат сарайында жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті.

Жиынға Қоғамдық кеңес мүшелері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, шаруа қожалықтарының басшылары, шағын және орта бизнес субъектілері, екінші деңгейлі банк өкілдері, сондай-ақ білім саласының қызметкерлері қатысты.

Кездесуде жобаның негізгі ерекшеліктері, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын кеңейту, заң алдындағы теңдік пен әділ сот төрелігін қамтамасыз ету, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту және қоғамдық бақылау институттарын жетілдіру сияқты басымдықтары талқыланды.

Қала әкімі Ернат Бәзіл алдағы өзгерістердің елдің дамуына жаңа серпін беретінін атап өтті. Ол, әсіресе, әр азамат үшін өз болашағына үлес қосу мүмкіндігі маңызды екенін айтты.

Ернат Бәзіл, қала әкімі:

«Жаңа Конституция жобасы арқылы азаматтардың құқықтары мен бостандықтары нығайып, шешім қабылдау процесі ашық әрі тиімді болады. Бұл әр азаматтың қоғамдағы белсенді қатысуына мүмкіндік беретін маңызды қадам», – деді.

Жиын соңында қатысушылар Конституция жобасының маңыздылығын атап өтіп, оның қоғам үшін берері мол екенін және әр азамат үшін жауапкершілікті арттыратынын атап көрсетті.