Қала әкімі Ернат Бәзіл «Жастар» спорт сарайының ұжымымен кездесті

Қала әкімі Ернат Бәзіл «Жастар» спорт сарайының ұжымымен кездесті

Қала әкімі Ернат Бәзіл «Жастар» спорт сарайының ұжымымен кездесті.

Әкім қала дамуының басым бағыттарына тоқталып, облыс әкімінің қолдауымен жүзеге асырылып жатқан жобаларды атап өтті. Сондай-ақ, қаладағы спорт саласына ерекше көңіл бөлінетінін, жас буынды салауатты өмір салтына баулу және спорт инфрақұрылымын дамыту басты мақсаттардың бірі екенін айтты.

«Облыс әкімі Бейбіт Өксікбайұлының қолдауының арқасында қала бюджеті 30 пайызға артты. Аулаларды абаттандыру, жол сапасын жақсарту, тұрғын үй салу және әлеуметтік маңызды жобаларға ерекше көңіл бөлінуде. Көп жылдан бері өзекті болып келген мәселелер оң шешімін тауып, орындалуда. Бұл бағыттағы жұмыстарды бәсеңдетпей, қаланың дамуына әрі қарай еңбек ететін боламыз», – деді қала әкімі Ернат Бәзіл.

Кездесуге қалалық мәслихат депутаты Монғол Анарбек те қатысып, Жаңа Конституцияның халыққа берер артықшылықтарын түсіндіріп, 15 наурыз күні өтетін референдумға бір ауыздан қатысып, азаматтық борыштарын орындауды шақырды.