
25–27 ақпан күндері аралығында Талдықорған қаласында «Көктем–2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізіледі.
Оқу-жаттығудың мақсаты көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындықты пысықтау және төтенше жағдай туындаған жағдайда барлық қызметтердің үйлесімді іс-қимылын жетілдіру.
25 ақпан күні Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаменті күштері мен Жетісу гарнизоны әскери бөлімдерінің қатысуымен қалалық жедел әрекет ету жасағының дайындығы тексерілді.
Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуға 17 бірлік инженерлік техника, 21 бірлік автокөлік және 75 жеке құрам қатысты.
Оқу-жаттығуға қала әкімінің орынбасары Қуаныш Сейтімбетов және Игорь Жуков қатысып, техникалар мен штабтың дайындық барысын тексерді.
Сонымен қатар, Қаратал өзені арнасын тазарту, каналдарды тереңдету және арық жүйелерін ретке келтіру жұмыстары жүргізілуде.
Негізгі мақсат су тасқынының алдын алу және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.