Қала әкімі Ернат Бәзіл құрылыс нысандарын аралады

Қала әкімі Ернат Бәзіл құрылыс нысандарын аралады

Қала әкімі Ернат Бәзіл қала аумағында қарқынды жүргізіліп жатқан құрылыс нысандарын аралады.

Алдымен әкім «Бірлік» шағын ауданында салынып жатқан көпқабатты тұрғын үйлердің құрылыс қарқынымен танысты. Жауапты мердігерлерге жұмыстың сапасы мен мерзімін қатаң бақылауда ұстау жөнінде нақты тапсырмалар берді.

Одан кейін «Көктем» шағын ауданында бой көтеріп жатқан жаңа ойын-сауық орталығының құрылыс барысын қарап, жобаға сәйкес жүзеге асырылуын және қауіпсіздік талаптарының сақталуын тапсырды.

Сонымен қатар, қала әкімі Дайыров көшесіне арнайы барып, көшенің қазіргі жағдайын көрді. Соңғы уақытта аталған көше бойынша тұрғындар тарапынан жол сапасына қатысты көптеген сұрақтар мен ұсыныстар түсіп жатқанын атап өтті. Осыған байланысты биылғы жылы көшеге орташа жөндеу жұмыстарын сапалы жүргізу жөнінде тапсырма берілді.

Жоспарға сәйкес, жол жабыны жаңартылып, арық жүйелері қалпына келтіріледі. Сондай-ақ, сауда нысандарына жапсарлас орналасқан ретсіз сауда орындарын ретке келтіру жұмыстары да қолға алынатын болады